Accessibility links

Солтүстік Корея дипломаты Ресейден Украинаға қашқан


Қоғамдық көлікте кетіп бара жатқан Пхеньян тұрғындары. Солтүстік Корея, 4 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қоғамдық көлікте кетіп бара жатқан Пхеньян тұрғындары. Солтүстік Корея, 4 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Шілденің 1-і күні «жоғалып» кеткен Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Солтүстік Корея елшілігінің үшінші хатшысы Ким Чхор Сен әйелі мен баласын алып Украинаға қашқан деген ақпарат тарады.

Ресейлік ТАСС және Интерфакс агенттіктерінің хабарлауынша, корей дипломаты 2 шілдеде отбасымен бірге таксимен «Пулково» әуежайына жетіп, Беларусь астанасына ұшаққа билет алған. Кейін ол Минскіден Украинаға ұшып кеткен деп хабарлайды ресейлік ақпарат агенттіктері құқық органдарындағы дерек көзіне сілтеме жасап.

Украина ресми орындары әзірше бұл ақпаратқа қатысты комментарий берген жоқ.

Санкт-Петербургтегі Солтүстік Корея елшілігінің бірінші хатшысы Юн Чжон Хо өз әріптесі Кимнің 1 шілде күні кеңседен шыққан соң ұшты-күйлі жоғалып кеткені туралы полицияға өтінішті 6 шілдеде жазған. Бірақ Юн дипломаттың жоғалғаны жайлы неліктен тек бес күн өткеннен кейін ғана полицияға хабар бергенін түсіндіре алмаған.

Солтүстік Корея азаматтары өзге елге қашуға жиі әрекет жасайды. Бірақ дипломаттар арасында ондай оқиғалар сирек. 1997 жылы Египеттегі Солтүстік Корея елшісі Чан Сон Ил отбасы және бауырымен бірге өтініш жазған соң АҚШ үкіметінен баспана алған. 2013 жылы Эфиопиядағы Оңтүстік Корея елшілігі аумағына өтіп кеткен Солтүстік Корея дипломатына Сеул баспана берген.

XS
SM
MD
LG