Accessibility links

Австралияда билік коалициясы сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді


Австралия премьер-министрі Малколм Тернбулл.
Австралия премьер-министрі Малколм Тернбулл.

Австралияда шілденің 2-і күні өткен сайлауда биліктегі оңшыл центристік коалиция жеңіске жеткені туралы либералдық партия жетекшісі, елдің қазіргі премьер-министрі Малколм Тернбулл мәлімдеді. Бұған дейін, дауыстарды санау аяқталмай тұрып оппозициялық лейбористік партия сайлауда жеңілгенін мойындаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, премьер Тернбулл басқаратын ұлттық-либералдық коалиция парламенттегі 150 орынның 76-сын иеленуі ықтимал. Оған қоса тәуелсіз екі-үш депутаттың қолдауын алған күнде билік коалициясы үкімет жасақтау мүмкіндігіне ие болмақ.

Бұл жолы Австралия федералдық парламентінде кемінде 66 орынды лейбористер иеленеді.

XS
SM
MD
LG