Accessibility links

Абхазияда кезектен тыс президент сайлауы туралы референдум өтіп жатыр


Грузияның сепаратистік аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетия территориялары көрсетілген карта. (Көрнекі сурет.)

Грузияның сепаратистік аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетия территориялары көрсетілген карта. (Көрнекі сурет.)

Өзін-өзі жариялап алған Абхазия республикасында бүгін кезектен тыс президент сайлауы жөнінде референдум өтіп жатыр. Референдум өткізу туралы бастама көтерген оппозициялық күштер блогы кеше сайлаушыларды дауыс беруге бойкот жариялауға тағы да шақырып, референдумды жақсы дайындықпен өткізу үшін оны күзге дейін шегеру жайлы талап қойған.

Өз кезегінде президент Рауль Хаджимба барлық саяси күштерді референдумды «лайықты өткізуге және оны көшедегі тәртіпсіздіктер мен митингілерге айналдырмауға» шақырған.

Шілденің 5-і күні Абхазия астанасы Сухумиде өткен шеру кезіндегі тәртіпсіздіктер салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен. Оппозициялық «Амцахара» партиясын жақтаушылар қылмыстың көбейіп кеткені үшін билікті сынаған. Сол күні Абхазия ішкі істер министрі Леонид Дзапшба қызметінен кетуге өтініш берген.

2008 жылғы тамыздағы Грузия мен Ресей арасындағы қарулы жанжалдан соң БҰҰ-на мүше төрт мемлекет – Ресей, Никарагуа, Венесуэла мен Науру Абхазияның егемендігін мойындайтындарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG