Accessibility links

БАҚ: Арменияның лаваш жайлы бастамасына бес ел дау айтты


Лаваш.

Лаваш.

ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұралар тізіміне лавашты (ұннан жасалған тағам – ред.) «Армениядағы лаваш» деген құжатпен енгізу туралы ұсынысқа байланысты бес ел – Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия қарсылық білдірді деп хабарлайды apa.az агенттігі. Бұл елдердің ЮНЕСКО ұйымындағы өкілдері бірлесіп ұсынған «Жұқа нан әзірлеу мәдениеті: лаваш, қатырма, жұпқа, юфка» деген құжатта лаваштың осы аймақта тұратын халықтардың ортақ мәдени мұрасы екені жазылған.

ЮНЕСКО ұйымы бұл мәселені материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің жыл сайынғы отырысында талқылап, тиісті шешім қабылдамақ. Аталған комитеттің 11-отырысы биыл қарашаның 28-і мен желтоқсанның 2-і аралығында Эфиопия астанасында өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін Армения ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне лавашты «армянның лаваш наны» ретінде енгізу туралы бастама көтерген. Түркия мен Әзербайжан наразылық танытқан соң Армения құжат атауын «Армениядағы лаваш» деп өзгерткен.

XS
SM
MD
LG