Accessibility links

IAAF Ресей бір атлетке ғана олимпиадаға қатысуға рұқсат берді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) ресейлік жеңіл атлеттердің Рио олимпиадасына қатысу рұқсат сұраған өтініштерін қанағаттандырмады.

IAAF тек ұзындыққа секіруші Дарья Клишинаға олимпиадаға қатысуға рұқсат берді. Бірақ ол Рио ойындарына тәуелсіз спортшы ретінде Ресей атынан емес Халықаралық олимпиада комитеті атынан қатысады.

Ресей спорт министрі Виталий Мутко олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алған спортшыларға Халықаралық олимпиада комитеті туы астында қатысуға рұқсат берілетінін мәлімдеді.

2015 жылы қарашада Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) ресейлік жеңіл атлеттердің допинг ережесін бұзғаны туралы есебін жариялаған. Кейін IAAF Ресей жеңіл атлетика федерациясын барлық жарыстардан шектеген.

XS
SM
MD
LG