Accessibility links

Португалия Еуропа футбол чемпионатында жеңіске жетті


Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының кубогын алған сәті. Париж, 10 шілде 2016 жыл.

Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының кубогын алған сәті. Париж, 10 шілде 2016 жыл.

Париж маңындағы «Стад-де-Франс» стадионында өткен Еуропа футбол чемпионатының финалында Франция мен Португалия құрамасы кездесті.

Ойынның 8-минутында Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду допқа талас кезінде жарақат алып, 26-минутта алаңдағы орнын командаласы Куарежамаға босатты. Матчтың негізгі уақытында қақпаға доп түскен жоқ, есеп - 0:0.

Осыдан кейін чемпионды анықтау үшін ойынға отыз минут уақыт қосылды. Матчтың 109-минутында Португалия құрамасының ойыншысы Эдердің Франция қақпасына салған голы оның командасына жеңіс әкелді. Бұдан соң ойын барысында гол соғылған жоқ. Осылайша Португалия алғаш рет футболдан Еуропа чемпионы атанды.

Келесі Еуропа чемпионаты 2020 жылы өтеді. Жарысты бірнеше елде, Еуропаның 13 қаласында өткізу жоспарланған. 2020 жылғы Еуропа біріншілігі матчтарын ұйымдастыратын қалалар қатарында Баку, Санкт-Петербург, Лондон, Амстердам, Рим бар. Еуро-2020 матчтарын өткізуге Астана қаласы да өз кандидатурасын ұсынғанымен өтпей қалған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG