Accessibility links

Стамбул әуежайындағы терактіге байланысты тағы 7 адам ұсталды


Ататүрік әуежайы.
Ататүрік әуежайы.

Түркия полициясы Стамбулдағы Ататүрік әуежайындағы шабуылға қатысы бар деген күдікпен тағы жеті адам ұсталды. Dogan ақпарат агенттігі ұсталғандардың жетеуі де шетел азаматы екендігін хабарлады.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, әуежайға шабуыл ісі бойынша қазір барлығы 37 адам қамалған.

28 маусымда Ататүрік әуежайында болған жарылыстардан 42 адам қаза тауып, 230 адам жараланған. Билік терактіні экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы жасады деп санайды.

XS
SM
MD
LG