Accessibility links

Еуро-2016 жарысының үздік ойыншылары анықталды


Португалия құрамасының ойыншылары кубок алған сәті.

Португалия құрамасының ойыншылары кубок алған сәті.

Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) шешімімен Франция құрамасының ойыншысы Антуан Гризманн биылғы Еуро-2016 жарысының үздік ойыншысы атанды.

Ол биылғы Еуропа чемпионатында алты гол салып, үздік сұрмергенге берілетін "Алтын бутсаны" да алды.

Ал Еуропа чемпионатының символдық құрамасына қақпашы Руй Патрисиу (Португалия), қорғаушылар - Джошуа Киммих, Джером Боатенг (екеуі де - Германия), Пепе, Рафаэл Геррейру (екеуі де - Португалия), жартылай қорғаушылардан Тони Кроос (Германия), Джо Аален, Арон Рэмзи (екеуі де - Уэльс), Антуан Гризманн, Димитри Пайе (екеуі де - Франция), шабуылшы - Криштиану Роналду (Португалия) кірді.

Францияда аяқталған Еуропа чемпионатының финалында Португалия жеңіске жетті. Олар финалда Франция құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

XS
SM
MD
LG