Accessibility links

Оңтүстік Суданда бесінші күн атыс жүріп жатыр


Джубадағы атыс. 11 шілде 2016 жыл.

Джубадағы атыс. 11 шілде 2016 жыл.

Оңтүстік Судан астанасы Джубада бесінші күн қатарынан билік әскері мен оппозиция күштері арасында атыс жүріп жатыр.

Екі жақ атыс кезінде ауыр артилеррия қолданған. Ал БҰҰ Джуба сыртындағы өкілдігінде 30 мыңнан астам бейбіт тұрғын тығылып жатыр.

Қытай басылымдарының жазуынша, 10 шілдеде Джубада екі қытайлық бітімгер мерт болған. Ал БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 11 шілдеде Оңтүстік Суданға қару сатуға эмбарго енгізуді сұрады.

Осыдан кейін Оңтүстік Судан президенті Салва Киир мен оның қарсыласы, оппозиция әскерін басқарушы Риек Мачар атысты тоқтатуға бұйрық беретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG