Accessibility links

Дағыстандағы арнайы операцияда күдікті өлтірілді


Дағыстандағы арнайы операция.
Дағыстандағы арнайы операция.

Ресей қарулы күштері өкілінің мәлімдеуінше, Дағыстанда болған арнайы операция кезінде бір күдіктінің көзі жойылған.

Ресми дерек бойынша, Дағыстандағы Мискинджа ауылында Адмир Талибов полицияға берілуден бас тартып, оларға қарсы оқ атқан.

Ресей ұлттық антитеррор комитетінің мәлімдеуінше, Талибов "Южный" қылмыстық тобының мүшесі ретінде іздеуде жүрген.

Ол ақпанда Дағыстандағы 20 адам мерт болған терактіні дайындауға көмектесті деген күдікке ілінген. Комитет Талибов ақпандағы теракт кезінде жарылған машинаға бомбаны орнатты деген айып таққан.

Комитет дерегінше, Талибов Сирияға кетіп, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қосылмақ болған.

XS
SM
MD
LG