Accessibility links

Қырғызстан Жоғары соты Асқаровқа қатысты шешімнің күшін жойды


Азимжан Асқаровтың сотынан көрініс. 12 шілде 2016 жыл.

Азимжан Асқаровтың сотынан көрініс. 12 шілде 2016 жыл.

Қырғызстан Жоғары соты осыған дейін өзі шығарған Азимжан Асқаровты өмір бойы түрмеге қамау шешімінің күшін жойды.

Осыдан кейін Жоғары сот Азимжан Асқаровтың ісі Шу облыстық сотына қайта тексеруге жіберді. Сот процесі кезінде Асқаров қамауда болады.

Осыған дейін БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігінен Асқаровты ақтап, түрмеден босатуды талап еткен. Осыдан кейін Асқаров пен оның адвокаттары Жоғары сотқа шағым түсіріп, істі қайта қарауды сұраған.

Ұлты өзбек Қырғызстан азаматы Азимжан Асқаров 2010 жылы маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына түрме жазасына кесілген. Ол бұған қоса қақтығыс кезінде мерт болған полиция қызметкерінің қазасына да қатысы бар деп айыпталған.

XS
SM
MD
LG