Accessibility links

«Трибуна» газетіне қарсы шағым жартылай қанағаттандырылды


Журналистер мен адвокаттар "Трибуна" газетінің соты өткен Медеу аудандық сотының алдында тұр. 11 шілде 2016 жыл.

Журналистер мен адвокаттар "Трибуна" газетінің соты өткен Медеу аудандық сотының алдында тұр. 11 шілде 2016 жыл.

Бүгін Алматының Медеу аудандық соты «Трибуна» газетіне қарсы берілген шағым арызды жартылай қанағаттандырып, Сұлтанбек Сыздықовке бес миллион теңге төлеуді міндеттеді.

«Алматыжарнама» ЖШС бас директоры Сұлтанбек Сыздыковтың сотқа шағымдануына, басылымда (от 15.04.2016 ж.) жарық көрген Денис Кривошеевтың «Коррупционер» возглавит «Алматыжарнама»?» атты мақаласы себеп болған. Сыздықовтың мәлімдеуінше, мақала тақырыбы мен ондағы бірқатар цитаталар өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтірген. Сондықтан ол соттан басылымда терістеу мақала жариялауды, моралдық өтемақы ретінде 15 миллион теңге өндіріп беруді сұраған.

Бүгін сот бұл өтінішті жартылай қанағаттандырып, мақала авторы – Денис Кривошевті, «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай мен басылым меншік иесі ЖК «Қаламды» бес миллион теңгені бөліп төлеуді міндеттеді.

Кривошеев «қалалық және жоғарғы сотқа шағымданатынын, егер ол сотта бұл соманы төлеуді міндеттесе, көпшіліктен ақша жинайтын шығармын» деді. Ал Жанболат Мамай өзінің «принциптік түрде бұл соманы төлемейтінін» мәлімдеді.

Бүгінгі сот шешімі оқылғанда арыз беруші Сұлтанбек Сыздыковтың адвокаты болған жоқ.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG