Accessibility links

Ирактағы жарылыстан бірнеше адам мерт болды


Бағдатта жарылыс болған аймақ. 12 шілде 2016 жыл.
Бағдатта жарылыс болған аймақ. 12 шілде 2016 жыл.

Ирак астанасы Бағдатта бүгін болған жарылыстан кем дегенде тоғыз адам мерт болып, он шақты адам жарақат алған.

Жарылғыш зат шииттер тұратын Рашидия ауданындағы қалалық базар маңында адам көп жиналған уақытта жарылған.

Әзірге жарылысты ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Өткен аптада Бағдатта екі жарылыс болып, Каррада ауданындағы оқиғадан 290 астам адам мерт болған. Бұл жарылысты "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өз мойнына алған еді.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон 11 шілдеде Вашингтон Иракқа алдағы апталарда 500 әскери қызметкер жіберетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG