Accessibility links

Сандерс Клинтонды қолдады


Берни Сандерс.
Берни Сандерс.

АҚШ-тың Демократиялық партиясының атынан президенттік сайлауға қатыспақ болып Хиллари Клинтонмен таласқа түскен Берни Сандерс өз қарсыласына қолдау білдірді.

Ол "келесі президент Клинтон болу керек" деп мәлімдеме жасады. Вермонт штатынан сайланған сенатор бұған дейін Нью-Гемпшир штатындағы Портсмут қаласында Клинтонмен бірге сайлаушылар алдында сөз сөйлеген.

Сандрес сайлау кезінде Клинтонға қолдау білдіретінін айтып, "ол АҚШ президенттігіне әлдеқайда лайықты кандидат" деп мәлімдеді.

Сайлауда Клинтонның қарсыласы Республикалық партия атынан президенттікке үміткер Дональд Трамп болмақ.

XS
SM
MD
LG