Accessibility links

Мәскеудегі "Ярдям" мешітінің имамы Махмуд Велитов халықты ашық түрде терроризмге шақырды және террорлық әрекеттерді ақтады деген айыппен ұсталды. Бұл туралы адвокат Дагир Хасавов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, имам 11 шілдеде ұсталған, ал 12 шілдеде оның үйінде және мешітте тінту жұмыстары жүргізілген. Адвокат Велитов кінәсін жартылай мойындағанын да жазған.

Полицияға сілтеме жасаған ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Велитовке экстремистік іс-шаралармен айналысты деген айып тағылған. Тінту кезінде оның үйінен және "Ярдям" мешітінен экстремистік бағыттағы кітаптар табылған.

Мәскеу орталық әкімшілік округы тергеу басқармасы Велитовтың қамауға алғанын растап, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG