Accessibility links

Назарбаев Италиядағы пойыз апатына байланысты көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия премьерминистрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорда сайтындағы хабарламада "Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді" деп жазылған.

Италияның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кем дегенде 22 адам мерт болған. 33 адам жарақат алған, оның 18-і ауыр халде жатыр.

Апат Пулия аймағындағы Бари қаласында болған. Ел үкіметінің мәлімдеуінше, пойыздағы жолаушылардың басым бөлігі Бари университетіне бара жатқан студенттер болған.

XS
SM
MD
LG