Accessibility links

Кашмирдегі қарсылық шарасында мерт болғандар отыздан асты


Кашмирдегі қарсылық шарасы. 10 шілде 2016 жыл.

Кашмирдегі қарсылық шарасы. 10 шілде 2016 жыл.

Үндістанның Кашмир мен Джамму штаттарында болып жатқан қарсылық шаралары кезінде кем дегенде 31 адам мерт болып, 1300 адам жарақат алған. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктерінде хабарланған.

Үндістандағы басылымдардың жазуынша, қарсылық шарасы кезінде қаза тапқандардың арасында полиция да бар.

Жергілікті полиция Үндістанда террорлық ұйым деп танылған "Хизб-уль-Муджахидин" тобының белсендісі 21 жастағы Бурхан Музаффар Ванидің көзін жойған соң елде Кашмирде жаппай қарсылық шарасы басталған.

Шара 8 шілдеден бері өтіп жатыр. Джамму мен Кашмирхалқының негізгі бөлігін мұсылмандардар құрайды. Екі штатта аймақтың Пәкістанға қосылуын қалайтын сепаратистік топтар да бар.

XS
SM
MD
LG