Accessibility links

Немцовтың өліміне қатысты сот 25 шілдеде басталады


Борис Немцовтың фотосы.

Борис Немцовтың фотосы.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өліміне қатысты сот тыңдауы 25 шілдеде Мәскеудегі аймақтық әскери сотта басталады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотта Немуовтың өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған Заур Дадаев, Анзор және Шадид Губашевтар, Темирлан Эскерханов пен Хамзат Бахаев жауап береді.

Ресейдің бұрынғы вице-премьері, бұрынғы мемлекеттік дума депутаты Борис Немцов 2015 жылы 27 қаңтарда Мәскеудің орталығында - Кремль маңында қастандықтан қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG