Accessibility links

Дағыстандағы жол апатынан 9 адам мерт болды


КамАЗ көлігімен соғысқан жолаушылар автобусы. 13 шілде 2016 жыл.

КамАЗ көлігімен соғысқан жолаушылар автобусы. 13 шілде 2016 жыл.

Дағыстанда болған жол апатынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 27 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Бұл туралы Дағыстан ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан ақпарат бойынша, автобус пен КамАЗ көлігі соғысқан. Жол апаты Махачкала-Астрахань трассасында болған.

Ресми дерек бойынша, автобуста 33 жолаушы болған. Дағыстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің ішінде төрт бала бар.

XS
SM
MD
LG