Accessibility links

АҚШ-тың хабар тарату басқармасы өкілін Ресейге кіргізбеді


АҚШ-тың хабар тарату ісі бойынша басқарушы кеңесі төрағасы Джефф Шелл.
АҚШ-тың хабар тарату ісі бойынша басқарушы кеңесі төрағасы Джефф Шелл.

Ресей АҚШ-тың хабар тарату ісі бойынша басқарушы кеңесі (Broadcasting Board of Governors - BBG) төрағасы Джефф Шеллді Мәскеудің Шереметьево әуежайына келген бетте бөгеп, оның Ресейге кіруіне тыйым салған.

BBG-дегі қызметіне қоса NBC Universal компаниясында да басшылық қызмет атқаратын Шеллді шілденің 13-і күні түнде Прагадан ұшып келгенде паспорт тексеру орнында бөгеген. Ол өзін жеке бөлмеде бірер сағат ұстап, ақыры таңғы сағат 5-те KLM әуе компаниясының Амстердамға ұшатын ұшағына мінгізіп жібергенін The New York Times газетіне айтты. Шереметьево әуежайының қауіпсіздік қызметі оның Ресейге кіруіне тыйым салынғанын мәлімдеген.​

BBG басшылығы АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Тефтпен кездесіп, бұл оқиғаны талқылады.

BBG агенттігі құрамына Азат Еуропа/Азаттық радиосы да кіреді.

XS
SM
MD
LG