Accessibility links

Мәсімов: Баян-Өлгийге қаржылай көмек бірнеше күнде бөлінеді


Баян-өлгей аймағындағы су көкінінен кейінгі көрініс. Сурет Байыт Қабанұлы есімді әлеуметтік желі қолданушысының парақшасынан алынды.

Баян-өлгей аймағындағы су көкінінен кейінгі көрініс. Сурет Байыт Қабанұлы есімді әлеуметтік желі қолданушысының парақшасынан алынды.

Моңғолияда сапарлап жүрген Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласына барып, жергілікті қазақ диаспорасымен кездесті.

Жергілікті kaznews.mn сайтының тілшісі Өмірбек Қабейдің айтуынша, Мәсімов қазақ диаспорасымен кездесуінде Баян-Өлгийдегі селден зардап шеккен қазақтарға Қазақстан беретін қаржылай көмек жақын күндері бөлінетінін айтты. Мәсімов көмек жергілікті қазақтарға табиғи апат салдарын жоюға көмектеседі деп үміттенетінін де білдірген.

Мәсімов сонымен қатар бүгін Баян-Өлгийдегі орта мектеп пен мұражайға, Баян-Өлгий аймақтық қазақ драма театрына барған. Ол мектептің компьютер сыныбына Қазақстан атынан компьютерлік жабдықтар тарту еткен. Қазақстан премьері сонымен қатар драма театрына қазақ ұлттық киімдерін, мұражайға жәдірерлер тапсырған.

10 шілдеде Баян-Өлгий қаласында су тасқыны жүріп, 100-ден аса үй қираған. 700-дей адам баспанасыз қалды. Ресми дерек бойынша апаттан бір бала қайтыс болған.

13 шілдеде Мәсімов Қазақстан Баян-Өлгийдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсететінін және мұны президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғанын хабарлаған.

Баян-Өлгийде тұратын 90 мыңға тарта халықтың 88,7 пайызы - этникалық қазақтар.

Мәсімов Моңғолияға 15 шілдеде өтетін Еуропа және Азия елдері саммитіне қатысу үшін барған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG