Accessibility links

Меркель Бішкекте діни конфессия мен этникалық азшылық өкілдерімен кездесті


Германия канцлері Ангела Меркель Бішкек әуежайында. 14 шілде 2016 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель Бішкек әуежайында. 14 шілде 2016 жыл.

Қырғызстанда ресми сапармен жүрген Германия канцлері Ангела Меркель бүгін Бішкекте діни конфессиялар және этникалық азшылық өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына құқық қорғаушы Динара Ошурахунова хабарлаған.

Ошурахунованың сөзінше, бұған дейін хабарланған құқық қорғаушылармен және белсенділермен кездесу болмаған.

Меркель Қырғызстанға сапары аясында осы ел президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының жай-күйі мен келешегін талқыламақ. Екі ел басшысы бұған қоса халықаралық және аймақтық кейбір мәселелерді де талқылайды.

XS
SM
MD
LG