Accessibility links

Өзбекстанның тарихи Шахрисабз қаласына құру қаупі төніп тұр


Шахрисабздағы үйлерді бұзып жатыр.

Шахрисабздағы үйлерді бұзып жатыр.

БҰҰ-ның дүниежүзілік мәдени мұра комитеті Өзбекстандағы Шахрисабз қаласының тарихи бөлігін дүниежүзілік қирау қаупі төнген мұралар тізіміне қосты.

Комитет таратқан мәлімдемесінде Шахрисабздың тарихи бөлігінің онда құрылыс жұмыстары қарқынды жүгізіліп жатуына байланысты қаланың орта ғасырлық тарихи аумағына бұзылу қаупі төнді деп алаңдайды. Комитет қонақүйлер мен басқа да заманауи ғимараттар "Шахрисабздың тарихи келбетін бұрынғы қалпына келмейтіндей етіп өзгеріске ұшыратқанын" айтады.

БҰҰ комитеті осыған байланысты ЮНЕСКО-дан бұзылу деңгейін бағалап, соған сай қалпына келтіру шараларын ұсынатын миссия жөнелтуді сұраған.

Өзбекстанның оңтүстігіндегі бір кездері Жібек жолы сауда торабы бойында орналасқан тарихи Шахрисабз қаласының салынғанына екі мың жылдан астам уақыт болған. Қала 14-15 ғасырларда Кеш ауданының мәдени және саяси орталығы болған.

Комитет Шахрисабз 15-16 ғасырлардағы Әмір Темір мен оның династиясы билік құрған дәуірден қалған дәни және саяси ескерткіштердің көп шоғырлануымен танымал дейді.

Қаланың тарихи бөлігі 2000 жылы дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Комитет қаланы құрып кету қаупі төнген дүниежүзілік мұра тізіміне оны сақтауға халықаралық қауымдастықтың назарын аудару үшін қосып отыр.

XS
SM
MD
LG