Accessibility links

Мәсімов, Обама Ниццадағы шабуылға Twitter-де пікір білдірді


Ниццада шабуыл жасалған маңда тұрған полиция мен құтқарушылар. Франция, 14 шілде 2016 жыл.
Ниццада шабуыл жасалған маңда тұрған полиция мен құтқарушылар. Франция, 14 шілде 2016 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі аккаунтында Франция премьері Мануэль Вальс пен Ниццадағы шабуылдан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

АҚШ президенті Барак Обама да Ниццадағы шабуыл құрбандарының отбасыларына Twitter-де көңіл айтты. Ол шабуылды "жантүршігерлік террорлық акт" деп атап, Ақ үй "шабуылды тергеп, кінәлілерді жазалауға барынша көмек көрсететінін" айтты.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан түсуге үміткер Дональд Трамп Twitter-де Ниццадағы шабуылға байланысты 15 шілдеге жоспарлаған баспасөз конференциясын өткізбейтінін жазды. Конференцияда ол вице-президенттікке өз кандидатын ұсынуы тиіс болған.

14 шілде күні кешке Ницца қаласының орталығында Бастилияны алу күні құрметіне орай фейерверкті тамашалауға жиналған көпшілік адамды жүк көлігі баса көктеп таптаған. Кейбір бейресми мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі бұдан соң адамдарға оқ атқан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шабуылдан кем дегенде 80 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Жүргізушіні полиция атып тастаған.

XS
SM
MD
LG