Accessibility links

АҚШ өкілдер палатасы Иранға қарсы жаңа санкцияны мақұлдады


АҚШ конгресі (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресі (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Иранға баллистикалық зымыран бағдарламасын дамытып жатқаны үшін жаңа санкция салатын және Иран үкіметі мен банктерінің АҚШ қаржы жүйесіне кіруіне шектеу қоятын екі заң жобасын мақұлдады.

Өкілдер палатасы 14 шілдеде заң жобаларын Иранмен жасасқан ядролық келісімді бұзу мақсатында қабылдап отыр. Президент Барак Обама 14 шілдеде Иранмен жасалған ядролық келісімге бір жыл толуына орай келісімді қолдайтынын мәлімдеген.

Обама өкілдер палатасы қабылдаған заң жобаларын, оның ішінде 13 шілдеде қабылданған АҚШ-тың Ираннан ауыр су сатып алуына тыйым салатын құжатқа вето қоятынын ескерткен. Иранмен жасалған келісім бойынша АҚШ бұл елден ауыр су сатып алуы тиіс болған.

Өкілдер палатасында заң жобаларын 246 конгресменнің 180-і қолдаған. Бұл дауыс президенттің ветосын еңсеретіндей конгрестің үштен екісін құрай алмауы мүмкін. Себебі конгрестегі демократтардың көпшілігі Иранмен жасалған келісімді қолдаса, республикашылдар оған қарсы.

Өкңлдер палатасындағы рсепубликашылдар жетекшісі Кевин МакКарти жаңа санкциялар Обама әкімшілігі Иранды баллистикалық зымыран бағдарламасы, адам құқығын бұзғаны және терроризмді қолдағаны үшін жауапқа тарту ниетте емесін білдіргендіктен қажет дейді.

"Біз Иран үкіметін заңсыз әрекеттерін жалғастырып отырғаны үшін жазалағымыз келеді" дейді МакКарти.

Бірақ демократтар Иранға қарсы заң жобаларын президент сайлауы қарсаңындағы консервативті көзқарастағы сайлаушылар алдында ұпай жинау әрекеті деп атады.

"Бұл шынайы заң жобалары емес. Біз бұл мәселені ушықтырмауымыз керек. Біздің қазіргі міндетіміз Иранға міндеттемелерін орындатуымыз және келісімнің толықтай орындалуын қамтамасыз етуіміз керек" деді өкілдер палатасының халықаралық қатынастар комитетінің өкілі, демократ Элиот Энгел.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джорн Керри Иранмен ядролық келісім "шын мәнінде әлемді қауіпсіздеу еткенін" мәлімдеді.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф өкілдер палатасының заң жобаларына тіке пікір білдірмесе де, ядролық келісімді "дипломатияның мәжбүрлеуден басым түсуі" деп атады. Twitter-дегі жазбасында Зариф кейбір америкалық саясаткерлердің "уақыты өтіп кеткен ұрандар мен ескі әдістерді әлі пайдаланып, сол бір ескі нәтижеден арыла алмай жүргенін" айтты.

Заң жобаларының сенатта қашан қаралатыны белгісіз.

2015 жылы шілдеде Иранмен жасалған ядролық келісім бойынша Тегеран ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне бұл елге салынған халықаралын санкциялар жойылған.

XS
SM
MD
LG