Accessibility links

"Росатом" Қырымға құрал-жабдық жеткізгенін жоққа шығарды


"Росатом" басшысы Сергей Кириенко.

"Росатом" басшысы Сергей Кириенко.

"Росатом" корпорациясының кәсіпорны - Бүкілресейлік автоматика ғылыми-зерттеу институты Азаттыққа аннексияланған Қырымға жылу электр станциясы құрылысына технология мен құрал-жабдық жеткізбегенін хабарлады. "Қырымға құрал-жабдық жеткізілді деуге келмейді. Себебі жылу электр станциясын салуға тендер жарияланбаған" делінген "Росатомның" Азаттыққа жолдаған хатында.

Бірер күн бұрын ресейлік "Коммерсант" басылымы "Росатом" "Қырымда салынып жатқан жылу электр станциясы құрылысына құрал-жабдық жеткізгенін мойындағанын" жазған. Басылым бұған дейін корпорация Батыс елдерінің санкциясына ілінбей келгенін, енді санкцияға ілігу қаупі күшейгенін айтқан. "Коммерсант" "Росатомның" Ресей Украинадан аннексиялаған Қырымдағы Севастополь мен Симферополь жылу электр станцияларына құрал-жабдық жеткізгені корпорацияның 2015 жылғы есебінде айтылады деген.

Қырым аннексияланған соң АҚШ пен Еуропа Одағы Қырымда қызмет ететін компанияларға санкция салған. Санкциялар арасында Қырымға транспорт, телекоммуникация және энергетикалық тауарлар мен технология экспорттауға тыйым бар. АҚШ пен Еуропа нарығында белсенді қызмет ететін "Росатом" осы күнге дейін санкцияға ілінбеген.

XS
SM
MD
LG