Accessibility links

Назарбаев Олландқа шабуыл құрбандарына байланысты көңіл айтты


Ниццадағы шабуылдан кейін үстіне мата жабылып жерде жатқан адам. Франция, 14 шілде 2016 жыл.
Ниццадағы шабуылдан кейін үстіне мата жабылып жерде жатқан адам. Франция, 14 шілде 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ницца қаласында болған теракт салдарынан адам шығын болуына байланысты Франция президенті Франсуа Олландқа, шабуыл құрбандарының отбасылары мен жақындарына көңіл айтып телеграмма жолдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, телеграммада Назарбаевтың "Ниццада 14 шілдеде болған теракт салдарынан көптеген жазықсыз адамның құрбан болып, зардап шеккені туралы хабарды қайғыра қабылдағаны" айтылған. Қазақстан президенті шабуылдан зардап шеккендердің тезірек ағыпы кетуін тілейтінін білдірген.

Телеграммада Қазақстанның терроризмнің кез-келген көрінісін қатаң айыптайтыны, қандай мақсатты көздейтініне қарамастан жазықсыз төгілген адам қанын ешқандай нәрсе ақтай алмайтыны да айтылған.

14 шілде күні кешке Ницца қаласының орталығында Бастилияны алу күні құрметіне орай фейерверкті тамашалауға жиналған көпшілік адамды жүк көлігі баса көктеп таптаған. Кейбір бейресми мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі бұдан соң адамдарға оқ атқан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шабуылдан кем дегенде 73 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Жүргізушіні полиция атып тастаған.

XS
SM
MD
LG