Accessibility links

Түркия премьері: Әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды


Стамбулда жүрген әскер мен танктер.
Стамбулда жүрген әскер мен танктер.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым әскери күштердің бір бөлігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын хабарлады.

Стамбулда қауіпсіздік күштері Босфор бұғазындағы қаланың азиялық және еуропалық бөлігін жалғап тұрған екі көпірді жауып тастаған. Ататүрік әуежайы маңында танктер тұрғанын телеарналар көрсетіп жатыр.

Анкараға да әскер мен техника кіре бастаған. Reuters дерегінше, Анкара аспанында әскери ұшақтар жүр. Ел астанасында "атыс болып жатқанын" жергілікті БАҚ хабарлады.

Ел президенті Реджеп Ердоғанның қайда екені белгісіз. Ақпарат құралдары оның әзірше ешқандай мәлімдеме жасамағанын айтады.

XS
SM
MD
LG