Accessibility links

Түркиядағы Қазақстан азаматтарына қонақүйден шықпауға кеңес берілді


Таксим алаңы маңында тұрған полиция мен тұрғындар. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.

Таксим алаңы маңында тұрған полиция мен тұрғындар. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда жұма күні кешке әскери төңкеріске әрекет жасалғаны туралы мәлімет алған. Бұл туралы Tengrinews агенттігіне Анкарадағы Қазақстан елшілігі хабарлаған.

«Елшілік күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, Стамбул мен Анталиядағы консулдықтар да жұмыс істеп жатыр. Кейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеме жасайды. Қазақстан басшылығына Түркиядағы жағдай баяндалды, президент хабардар болды", - деген Қазақстан консулдығы өкілінің сөзін келтірген Tengrinews.

Қазақпараттың хабарлауынша, Қазақстан елшілігі қызметкерлері Түркияда демалып жүрген қазақстандық туристерге қонақүйлерінен шықпауға, сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық өкілдерімен байланысқа шығып тұруға кеңес берген.

«Оларға қонақүйлерінен шықпауға кеңес берілді, қазірде байланыс мәліметтерін, жалпы санын анықтап жатырмыз», - деп хабарлаған Түркиядағы Қазақстан елшілігі.

Түркияда 15 шілдеде кешкісін әскерилердің бір бөлігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны хабарланды. Анкарада көшеде қарулы әскер мен техника жүргені туралы ақпараттар тараған.

XS
SM
MD
LG