Accessibility links

Барак Обама Түркия үкіметіне қолдау білдірді


Таксим алаңыда тұрған әскерилер мен Түркия туын ұстаған адамдар. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.
Таксим алаңыда тұрған әскерилер мен Түркия туын ұстаған адамдар. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Түркияның «демократиялық жолмен сайланған» үкіметіне қолдау танытты.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон болып жатқан оқиғаларға «қатты алаңдаушылық» білдірді, ал ол басқаратын Форин-офис Түркиядағы британ азаматтарын «көпшілік орындардан аулақ» жүруге шақырды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы» Түркиядағы ахуалды сол жерде анықтауға тырысады және сабыр сақтауға шақырады», - деді БҰҰ бас хатшысының баспасөз хатшысы Фархан Хак.

НАТО ұйымының Брюссельдегі штаб-пәтеріндегі ресмилер жағдайдың барысын мұқият қадағалап отырғанын, бірақ әзірше комментарий бермейтіндерін мәлімдеді. Британдық Independent басылымы альянс жарғысында мұндай оқиғаларға тікелей араласу қарастырылмағанын, ал НАТО-ға мүше Түркияда бұған дейін бірнеше рет әскери төңкеріс болғанын еске салады.

Түркия президенті Режеп Ердоған CNN телеарнасына сұхбатында өз міндетін атқаруды жалғастыра беретіні және елде әскери төңкеріс әрекетінің ары қарай дамуына жол бермейтіні туралы мәлімдеген. Ол Түркия тұрғындарын көшеге шығып, өз үкіметіне қолдау білдіруге шақырған. Ердоған бүлікшілер көздеген мақсатына жетпейтінін айтып, төңкеріс жасамақ болғандар «қатаң жазаланатыны» туралы мәлімдеген.

Түркия арнайы қызметінің өкілі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне тойтарыс берілгені туралы хабарлаған делінген Associated Press агенттігінің ақпаратында.

XS
SM
MD
LG