Accessibility links

Қазақстан Түркиядағы азаматтары үшін «жедел телефон желісі» қосылғанын жариялады


Анкара көшесіндегі бүлінген полиция көлігі. Түркия, 16 шілде 2016 жыл.
Анкара көшесіндегі бүлінген полиция көлігі. Түркия, 16 шілде 2016 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркия аумағында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлық пен сақтық сақтауға шақырды.

"Жағдай анықталғанға дейін адам көп шоғырланатын орындардан аулақ жүріп, аса қажеттілік туындамаған жағдайларда көшеге шықпаған және мүмкіндігінше тез арада туыстары мен жақындарына хабарласқан абзал" делінген СІМ баспасөз қызметінің Түркиядағы жағдайға қатысты таратқан түсініктемесінде.

Сонымен бірге Қазақстан СІМ қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған «жедел телефон желісіне» байланысуға болатынын хабарлаған.

Анкарадағы Қазақстан елшілігі: +90-533-600-6092

Стамбулдағы Қазақстан бас консулдығы: +90-542-471-2211

Анталиядағы Қазақстан консулдығы: +90-535-418-3532.

XS
SM
MD
LG