Accessibility links

Қазақстаннан Түркияға ұшатын әуе рейстерін қалпына келтіру жүктелді


Астана әуежайы. (Көрнекі сурет.)

Астана әуежайы. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Түркияға қатынайтын әуе рейстерін жедел қалпына келтіруді тапсырды. Өткен түні Түркияда болған оқиғаларға байланысты бұл елге сенбі күні Қазақстаннан жоспарланған әуе рейстері ұшпай қалған еді.

Түркияда 2,5 мыңға жуық Қазақстан азаматы елге қайтуды күтіп отыр деп хабарланды. Сонымен бірге, кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстан әуежайларынан бүгін Түркияға 2,3 мың адам ұшуы тиіс болған.

Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекетіне байланысты жаппай тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар барысында кемінде 90 адам – негізінен бейбіт тұрғындар мерт болған. Мыңға жуық адам зардап шеккен. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде «жедел телефон желісі» ұйымдастырылғанын хабарлаған:

Анкарадағы Қазақстан елшілігі: +90-533-600-6092,

Стамбулдағы Қазақстан бас консулдығы: +90-542-471-2211,

Анталиядағы Қазақстан консулдығы: +90-535-418-3532.

XS
SM
MD
LG