Accessibility links

SOHR: Алеппода әуе соққысынан ондаған адам мерт болған


Алеппо тұрғындары зымыран соққысынан бүлінген ғимаратты қарап тұр. 11 шілде 2016 жыл.
Алеппо тұрғындары зымыран соққысынан бүлінген ғимаратты қарап тұр. 11 шілде 2016 жыл.

Сирияның Алеппо қаласында әуе шабуылы салдарынан кемінде 28 адам қаза болған. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) орталығы хабарлады.

Ақпаратта қаланың шығыс бөлігіндегі көтерілісшілер бақылауындағы ауданға әуеден шабуылды Сирия үкіметінің немесе Ресей әскери ұшақтары жасаған деген болжам айтылған.

AFP агенттігі тілшісінің хабарлауынша, қаланың кейбір ауданына әуеден бомба тасталған. Бомбалардың бірі ауруханаға түсіп, бірнеше науқас пен аурухана қызметкерлері зардап шеккен.

Сирия үкіметі Алеппода бақылау ұстап отырған батыс аудандарын көтерілісшілер артиллериялық қарудан атқылап, салдарынан кемінде бір адам қаза болған деп мәлімдеген.

Соңғы бірнеше айдың көлемінде Сирияда үкімет күштері Ресей әскери ұшақтарының қолдауымен Алепподағы көтерілісшілерді қоршауға ыңғайланып, олардың Түркияға шығатын екі жолының бірін кесіп тастаған.

Қазір президент Башар Асадтың күштері көтерілісшілерді сыртқы әлеммен жалғастыратын жалғыз жолды жабуға жылжып барады.

XS
SM
MD
LG