Accessibility links

Ақтөбеде авторлық бард әндері фестивалі өтіп жатыр


«Степной аккорд» авторлық бард әндері фестивалі. Ақтөбе, 16 шілде 2016 жыл.

«Степной аккорд» авторлық бард әндері фестивалі. Ақтөбе, 16 шілде 2016 жыл.

Ақтөбеде «Степной аккорд» атты авторлық бард әндері фестивалі бүгін екінші күн өтіп жатыр. Үш күнге жоспарланған шараға Қазақстан мен Ресейдің бард әндерін жазатын авторлары мен орындаушылары жиналған.

Ақтөбедегі Сазды өзенінің жағалауына шатыр тігілген. Фестивальға қатысушы әуесқой әншілер өз шығармаларын акустикалық гитараның сүйемелдеуімен орындайды.

– Фестивальда фонограмма немесе электр аспаптарын қолдануға тыйым салынады. Орындалатын әндер «авторлық ән» жанрына сәйкес келуі шарт. Бұл фестиваль Ақтөбеде осымен бесінші мәрте өткізіліп отыр, - деді Азаттыққа «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысы Маржан Қорғанбаева.

Николай Зверев – бард әндері авторы, орындаушы. Ақтөбе, 16 шілде 2016 жыл

Николай Зверев – бард әндері авторы, орындаушы. Ақтөбе, 16 шілде 2016 жыл

Николай Зверев «Степной аккорд» фестиваліне Шымкенттен келіп қатысып жатыр.

– Шымкентте жыл сайын өтетін «Южный ветер» фестивалінің басты ерекшелігі – бізде «қазақ тіліндегі авторлық әндер» деп аталатын номинация бар, - дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ақтөбедегі биылғы байқау Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

XS
SM
MD
LG