Accessibility links

Батыс Тянь-Шань тау жүйесі ЮНЕСКО тізіміне енді


Тянь-Шань тауы (Көрнекі сурет).
Тянь-Шань тауы (Көрнекі сурет).

Батыс Тянь-Шань тау жүйесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне қосылды.

Ұйымның ресми сайтында хабарланғандай, Стамбулда 10-17 шілде аралығында өткен Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында дүниежүзілік мұра тізіміне жаңадан жеті нысан, оның ішінде Батыс Тянь-Шань тау жүйесі қосылған. Батыс Тянь-Шань сілемдері Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан территориясында орналасқан. Тізімге Канада, Қытай, Иран, Мексика, Судан мен Чад ұсынған нысандар да енгізілген.

Батыс Тянь-Шань - Орталық Азиядағы әлемдегі ең ірі жеті тау жүйелерінің бірі Тянь-Шаньнің бір бөлігі саналады. Батыс Тянь-Шаньнің кейбір бөліктерінің биіктігі 700 метрден 4 мың 503 метрге дейін жетеді.

Батыс Тянь-Шаньнің Қазақстанға тиесілі аумағында Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркі бар.

XS
SM
MD
LG