Accessibility links

Алматы полициясы тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды


Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы полиция қызметкері. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.
Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы полиция қызметкері. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда террорға қарсы операция болып жатыр деп хабарлады қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Департамент операцияға байланысты қала тұрғындарын үйлерінен шықпауға, адам қарасы қалың жерлерге бармауға шақырады. Полиция барлық күдікті адамдар туралы бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға және құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың іс-қимылына түсіністікпен қарауға шақырады.

Алматыда таңертең сағат 10:30 шамасында белгісіз қарулы ер адамның Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелері қиылысында орналасқан Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі жанында оқ атқаны хабарланған. Азаттық тілшілері ішкі істер бөлімінің қоршауға алынғанын, алайда ондағы полиция қызметкерлері ешқандай ақпарат бермейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG