Accessibility links

Алматыда ҰҚК мен ІІБ-ге шабуыл жасалды


Полиция қызметкерлері шабуылдан соң қала орталығында ер адамды тұтқындап жатыр. Алматы, 18 шілде 2018 жыл.

Полиция қызметкерлері шабуылдан соң қала орталығында ер адамды тұтқындап жатыр. Алматы, 18 шілде 2018 жыл.

Алматыда ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаменті мен Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі (ІІБ) ғимараттарына белгісіз адамдар шабуыл жасады деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейін жариялаған.

Алматының орталығында бүгін түске дейін атыс үндері естілген. Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі орналасқан аумақ қоршалған. Жергілікті агенттіктердің куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, атыс үні қаланың бірнеше бөлігінде естілген. Кейбір мәліметтер бойынша, екі полиция қызметкері қаза тапқан. Бірақ мерт болғандар мен жараланғандар туралы әзірге ресми ақпарат таратылмады.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, полиция қызметкері "бірнеше адам шабуылдап, бір әскери қызметкер қаза тапқанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG