Accessibility links

ІІД: Алматыдағы шабуылда полиция қызметкерлері оққа ұшты


Полиция шабуылдан соң ер адамды тұтқындап әкетіп барпады. Алматы, 18 шілде 2018 жыл.
Полиция шабуылдан соң ер адамды тұтқындап әкетіп барпады. Алматы, 18 шілде 2018 жыл.

Алматыда болған шабуылдан бірнеше полиция қызметкері оққа ұшты деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

"Алматыда "Құрықтау" арнайы операциясы енгізілді. Полиция қызметкерлері арасында мерт болғандар бар. Шабуылдағандардың бірі ұсталды, біреуін іздеп жатыр" делінген ресми ақпаратта.

ІІД ақпарат тағы толықтырылатынын айтып, ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратты жариялауға шақырған.

Алматының орталығында бүгін түске дейін атыс үндері естілген. Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі орналасқан аумақ периметрі қоршалған. Жергілікті агенттіктердің куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, атыс үні қаланың бірнеше бөлігінде естілген. Кейбір мәліметтер бойынша, екі полиция қызметкері қаза тапқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бүгін ҰҚК департаменті мен Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі ғимараттарына белгісіз адамдар шабуыл жасағанын хабарлаған. Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.

XS
SM
MD
LG