Accessibility links

ІІМ: Алматыдағы шабуылда бір бейбіт тұрғын мерт болды


Шабуыл болған аймақ. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.
Шабуыл болған аймақ. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Алматыдағы шабуыл кезінде бір бейбіт тұрғын мерт болған.

Ал бұған дейін қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Алматыда болған шабуылдан бірнеше полиция қызметкері оққа ұшты деп хабарлаған.

"Алматыда "Құрықтау" арнайы операциясы енгізілді. Полиция қызметкерлері арасында мерт болғандар бар. Шабуылдағандардың бірі ұсталды, біреуін іздеп жатыр" делінген ресми ақпаратта.

Министрліктің хабарлауынша, 18 шілде таңғы сағат 11-де қарулы адам Алмалы ауданы ішкі істер департаментінің ғимаратына кіріп, постта тұрған полицияны жарақаттап, оның қаруын алып қашып кеткен.

"Күдіктінің артынан ерген "Боран" полиция жасағына да оқ атып, екі полиция жарақат алған. Кейін күдікті "Қазақконцерт" ғимараты маңында ұсталды. Оны ұстау кезінде тағы екі полиция жарақаттанды" деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік ұсталған күдіктінің жасы 27-де, бұрын сотталған, Қызылорда облысының тумасы екенін жариялады. ІІМ оның өткен демалыстарда әйел адамды өлтірді деген күдікпен іздеуде жүргенін де хабарлады.

XS
SM
MD
LG