Accessibility links

Әскери бөлімдер мен қару-жарақ қоймаларында күзет күшейтілді


Қазақстандағы әскери бөлімдердің бірі (Көрнекі сурет).

Қазақстандағы әскери бөлімдердің бірі (Көрнекі сурет).

Алматыда полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаментіне шабуыл жасалған соң Қазақстанның барлық әскери бөлімдерінде күзет қызметі күшейтілді. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Алматыдағы шабуылдан соң Қазақстанда террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейі жариялануына байланысты қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларында күзет күшейтілген.

Министрлік сонымен бірге WhatsApp хат-хабар алмасу желісі мен әлеуметтік желілерде тараған Қапшағай қаласындағы әскери бөлімге шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты терістеді.

Алматыда бүгін түске белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасағаны хабарланған. Куәгерлердің айтуы бойынша, атыс үні қаланың бірнеше бөлігінде естілген. Алматы қалалық ішкі істер депаратментінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері бар.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.

XS
SM
MD
LG