Accessibility links

Алматыда шабуылдан соң күзет пен тексеру күшейді


Алматы-2 теміржол вокзалындағы тексеру. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.

Алматы-2 теміржол вокзалындағы тексеру. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда полиция мен ҰҚК департаментіне шабуылдан соң вокзалдарда, метро мен қоғамдық орындарда тексеру мен күзет күшейтілді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматы-2 теміржол вокзалына адамдарды сөмкелерін түгел тексеріп кіргізіп жатыр. Вокзал маңында қарулы полиция қызметкерлері, полицияның бір "Газель" көлігі тұр.

Алматыда бүгін түске дейін белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасағаны хабарланған. Ресми ақпарат бойынша, шабуылдан үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын бар.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG