Accessibility links

Алматыда Азаттық қызметкерін полиция ұстады


Төле би-Қазыбек би көшесіндегі атыс орны. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.

Төле би-Қазыбек би көшесіндегі атыс орны. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.

Алматыда бүгін болған шабуылға күдіктілерді ұстау орнынан хабар таратып жүрген Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы Қуанышбек Қариды полиция ұстады. Оның айтуынша, өзін полиция Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ұстаған.

- Мені Абылай хан және Қазыбек би көшелерінің қиылысында ұстады. Мен ол жерде қызмет бабым бойынша Азаттықтың Тәжік редакциясындағы әріптестеріме шабуыл туралы ақпарат беріп тұрғанмын. Олар осыған қарап менен неге өзге тілде сөйлеп, кімге мәлімет беріп тұрғанымды сұрап, азаматтық киімдегі адамдарға тапсырды. Азаматтық киімдегілер оқиғаға байланысты ұялы телефонға түсірген суреттер мен видеоларымды өшіріп, босатты, - деді Қуанышбек Қари.

Азаматтық киімдегі адамдар өздерін қылмыстық полиция қызметкерлері деп таныстырған.

Алматыда бүгін түске белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасағаны хабарланған. Куәгерлердің айтуы бойынша, атыс үні қаланың бірнеше бөлігінде естілген. Реси ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері мен бір бейбіт тұрғын бар. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шабуылға байланысты "Құрықтау" операциясы кезінде жасы 27-дегі бір күдікті ұсталған.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.

XS
SM
MD
LG