Accessibility links

Полиция: Алматыдағы шабуылды исламшылдар жасауы мүмкін


Полиция қызметкерлері шабуылдан соң қала орталығында ер адамды тұтқындап жатыр. Алматы, 18 шілде 2018 жыл.

Полиция қызметкерлері шабуылдан соң қала орталығында ер адамды тұтқындап жатыр. Алматы, 18 шілде 2018 жыл.

Алматыдағы шабуылды исламшыл содырлар жасауы мүмкін. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігіне Қазақстан құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің бірі айтқан.

Алматыда бүгін түске дейін белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған. Ресми ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын бар. Жеті полиция жарақаттанған.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.

XS
SM
MD
LG