Accessibility links

Алматыдағы террорлық қауіп деңгейі төмендетілді


Алматыдағы шабуылға күдіктілерді ұстау операциясы. 18 шілде 21016 жыл.

Алматыдағы шабуылға күдіктілерді ұстау операциясы. 18 шілде 21016 жыл.

Алматы қаласы аумағында енгізілген террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейі "сары" деңгейге төмендетілді деп хабарлайды Қазақстан антитеррорлық орталығы. Террорлық қауіп деңгейі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақановтың шешімімен өзгертілген. Алматыдағы террорға қарсы операция аяқталған.

Бүгін таңертең Алматыда бегісіз адамдар ҰҚК департаменті мен Алмалы аудандық ішкі істер бөқліміне шабуылдаған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тауып, сегіз адам жараланып ауруханаға түскен.

ІІМ шабуылға күдікті екі адамның ұсталғанын айтады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуылға байланысты Астанада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізген. Ол жиында шабуылды теракт едп атап, құқық қорғау органдары қылмыскерлердің кім екенін және қандай мақсаты болғанын анықтап жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG