Accessibility links

АҚШ-та Республикашыл партия съезі басталды


Республикашыл партия съезі өтетін зал съезд басталар қарсаңында. Кливленд, АҚШ, 18 шілде 2016 жыл.

Республикашыл партия съезі өтетін зал съезд басталар қарсаңында. Кливленд, АҚШ, 18 шілде 2016 жыл.

АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласында Республикашыл партияның төрт күнге созылатын съезі басталды. Съезде Дональд Трамп Республикашыл партия атынан 8 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат деп ресми түрде ұсынылады деп күтіліп отыр. Кливлендке партияның барлығы екі мыңнан астам делегаты жиналған.

Съездің соңғы күні Трамп сөйлейді. Трамптың сайлауалды кампаниясының менеджері Пол Манафорттың айтуынша, саясаткердің мақсаты "Америка халқына Дональд Трампты тек кандидат ретінде емес, адам ретінде тануына көмектесу". Съезде сонымен қатар сенаттағы республикашылдардың жетекшісі Митч МакКоннелл, өкілдер палатасының спикері Пол Райан, сонымен қатар сайлауалды кампаниясындағы бәсекелестері Тед Круз, Крис Кристи, Скот Уолкер мен Марко Рубио да сөйлемек.

Кливленд полициясы съезд өтетін ауданда наразылық акциясы өтуі мүмкін дейді.

Демократиялық партия съезі келесі аптада Филадельфияда өтпек. Онда Хиллари Клинтон президенттікке кандидат деп ресми түрде ұсынылмақ.

XS
SM
MD
LG