Accessibility links

Германияда ер адам жолаушылар пойызына шабуылдады


Өрт сөндіруші Вюрцбургтің жолын жауып тұр. Германия, 18 шілде 2016 жыл.

Өрт сөндіруші Вюрцбургтің жолын жауып тұр. Германия, 18 шілде 2016 жыл.

Германияның оңтүстігіндегі Вюрцбург қаласында ер адамның шабуылынан бірнеше адам жараланды. Полицияның мәліметінше, балтамен қаруланған қылмыскер Бавариядағы аймақтық пойызда жолаушыларға шабуылдаған. Оны полиция атып өлтірген. Шабуылдаушы Ауғанстанның 17 жастағы азаматы деп танылған.

Шабуылдан тағы бірнеше адам естен танған. Қылмыскер шабуылды не үшін жасағаны әзірге белгісіз. Қазір Бавария аймағындағы теміржол байланысы тоқтаған.

XS
SM
MD
LG