Accessibility links

Тәжікстанда Назарзода бүлігі бойынша 10 шенеунік сотталды


Тәжікстан жоғарғы сотының төрағасы Шермухаммади Шохиен. Душанбе, 18 шілде 2016 жыл.

Тәжікстан жоғарғы сотының төрағасы Шермухаммади Шохиен. Душанбе, 18 шілде 2016 жыл.

Тәжікстан жоғарғы сотының төрағасы Шермухаммади Шохиен елодің бұрынғы қорғнаыс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың бүлігіне қатысты істі қарау аяқталғанын хабарлады. Душанбеде өткен баспасөз конференциясында Шохиен бұл іс аясында күш құрылымдарының 10 шенеунігі, оның ішінде жоғары шенді бір қызметкерге түрме жазасы кесілгенін айтты. Ол сотталғандардың аты-жөні мен қызметін жарияламады.

Шохиен генерал Абдухалим Назарзоданың бүлігі "биліктің әрекетсіздігінің нәтижесі" болғанын айтты. Тәжікстан билігі өткен жылы қыркүйекте Душанбе мен Вахдат қалаларында милиция қызметкерлеріне жасалған шабуылды Назарзодаға жабады. Ол шабуылдардан қауіпсіздік күштерінің тоғыз қызметкері қаза тапқан. Назарзоданың өзі 16 қыркүйекте Рамит шатқалында өткен арнайы операцияда оққа ұшқан. Ол кезде құқық қорғау органдарының 14 қызметкері мерт болып, бүлікшіл топтың 30 шақты мүшесінің көзі жойылған.

Бұл оқиғалардан соң 200-дей адам ұсталып, қазірге дейін Тәжікстан соты олардың көпшілігіне үкім шығарып қойған. Ұсталғандарға қатысты сот жабық өтіп, мемлекеттік ақпарат құралдары үкім туралы ақпарат бермеді.

Тәжікстан билігі Назарзода тобының шабуылын Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы (ТИҚП) қаржыландырды деп санайды. Партия террористік ұйымдар тізіміне енгізілген. Өткен жылдың қыркүйегінен бері партияның 200-ге тарта белсендісі ұсталған. Биыл маусымда жоғарғы сот ТИҚП-тың екі белсендісін өмір бойы түрмеге жауып, он шақты мүшесін 14 жылдан 28 жылға дейінгі мерзімдерге соттаған.

ТИҚП-тың шетелде қуғында жүрген жетекшісі Мухиддин Кабири өзі мен партияның өзге белсенділеріне тағылған айыпты "саяси астары" бар деп мойындамайды.

XS
SM
MD
LG