Accessibility links

Алматыда мекемелер мен қоғамдық орындар жұмысын жалғастырды


Алматы көшесі (Көрнекі сурет).

Алматы көшесі (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгін мекемелер мен білім беру орындарының көпшілігі жұмысын қайта жалғастырды. Кеше Алматыда террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі енгізіліп, күннің екінші жартысында сауда орталықтары мен базарлап, банк бөлімшелері жабылған. "Қазпошта" компаниясының бөлімдері де белгісіз уақытқа жабылғаны хабарланған.

Кеше түске дейін Алматыда Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасалған соң Алматыда террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі енгізілген. Шабуылға күдікті ұсталған соң кешке қауіп "сары" деңгейге дейін төмендетілген. Қазақстан ішкі істер министрлігі кешке қарай Алматыдағы жағдай тұрақтанғанын және құқық қорғау органдарының бақылауында екенін мәлімдеген.

Шабуылдан үш полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын мерт болған. Шабуылға күдікті ретінде бір адам ұсталған.

Жергілікті агенттіктер бірқатар банктердің бөлімшелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды. Сауда орындары да қайта ашылған.

Қалада кеше белгісіз мерзімге дейін жабылған бірнеше қару-жарақ дүкендері де жұмысын қайта бастаған.

XS
SM
MD
LG