Accessibility links

Әкімдік: Шабуылдан зардап шеккендер отбасыларына қаржы бөлінеді


Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына кіреберістегі полиция күзеті. Шабуылдан жараланғандар осы ауруханаға жатқызылған. 18 шілде 2016 жыл.

Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына кіреберістегі полиция күзеті. Шабуылдан жараланғандар осы ауруханаға жатқызылған. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда шабуылдан қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына 15 миллион теңгеден, жараланғандардың отбасыларына 5 милллион теңгеден ақша бөлінеді деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Бауыржан Байбек бүгін шабуылдан жараланып, ауруханаға түскендердің халін сұрап барып, олардың туыстарымен кездескен. Байбек ауруханада жеті адам жатқанын, олардың арасында үш полицейдің халі аса ауыр, екі адамның халі ауыр, қалған екі адамның жағдайы орташа екенін айтқан.

Бауыржан Байбектің сөзінше, шабуылға күдікті ретінде ұсталған адам кеше ауруханада есін жиып, бүгін тергеу изоляторында жатыр.

18 шілдеде күндіз қарулы адам Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуылдап, өзі жараланып қолға түскен.

XS
SM
MD
LG