Accessibility links

21 мамырда ұсталған журналистер шағымы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті


Адвокат Гүлнара Жуаспаева.
Адвокат Гүлнара Жуаспаева.

Алматының Әуезов аудандық сотында бүгін 21 мамырда - жер мәселесіне қатысты митинг болады делінген күні ұсталған журналистерің шағымы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

Жуаспаеваның Азаттыққа айтуынша, алдын ала тыңдау "Жас Алаш" газетінің журналисі Асылхан Әбдірайым, Сансызбай Молдасанов және Қуаныш Нұрданбекұлының шағымы бойынша өткен. Алдын ала тыңдауда судья Бекбосынова және прокурор болған. Жауапкер жақ - Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінен ешкім келмеген.

Судья адвокаттан шағымданушылардың құжаттарын тексеріп, сот тыңдаууын 26 шілде күні сағат 11-ге белгілеген.

21 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында, оның ішінде Алматыда жер реформасына қатысты митинг өтеді деп жоспарланған. Полиция Алматыда орталық алаңға жиналғандарды, оның ішінде ондаған журналисті тұтқындап, митингілерді өткіздірмей тастаған. Ұсталған журналистер арасында Азаттық тілшілері де бар.

Кейін ішкі істер министрлігі журналистердің ұсталуы "түсінбестіктен болды" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG